11 Рабиғ әл-әууәл
Ақтөбе қаласының Бас имамы Ақжар ықшам ауданындағы мешіттерге барды 4689

Ақтөбе қаласының Бас имамы Ақжар ықшам ауданындағы мешіттерге барды

21 шілде 2025 125 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласының Бас имамы Алмат Әли Ақжар-1, Ақжар-2 ықшам ауданындағы мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты. 

“Әс-Сәләм” және “Біләл” мешіттеріне арнайы барып, құлшылық ордаларының жай-күйлерін қадағалады. Одан өзге, мешіттердің қажеттілігі мен мұқтаждықтарын арнайы тізімге енгізіп, маңызды мәселелерді басты назарға алды.

Сондай-ақ “Біләл” мешітінің жанынан бой көтеріп жатқан асхана құрылысымен жіті танысып, мешіттің бас имамы Нұрлыбек Такеевке аталған жылдың соңына дейін құрылысын жұмысын аяқтауды тапсырды.

Одан өзге Алмат Әли мешіт қызметкерлеріне жиналыс өткізіп, имам-ұстаздардың ұсыныс-тілектеріне құлақ асып, алдағы уақытта белсенді қызмет атқаруға шақырды. Қызметкерлерге негізгі тапсырмалар жүктелген соң, кездесу соңында ақсақалдар алқасымен жүздесіп, сұхбаттасты.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі