26 Сафар
06:03 Күн
«Мұнара» арнасы: РАТТ мүшелері  сұхбаттасты 4690

«Мұнара» арнасы: РАТТ мүшелері сұхбаттасты

21 шілде 2025 40 Оқу 1 минут

РАТТ мүшесі, «Төле би» мешітінің ұстазы, «Балдыгүл ана» қайырымдылық мекемесінің директоры Гүлзат қари Акурпикова Ақтөбе қаласына іс сапармен келіп, республикалық «Мұнара» телеарнасында қонақ болды.

Гүлзат қари Акурпикова журналист, дін маманы, РАТТ мүшесі Ақтолқын Тажикованың авторлық «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасына сұхбат берді.

Бағдарлама барысында «Балдыгүл ана» қайырымдылық мекемесінің директоры Құранды жеңіл әрі жылдам жаттау үшін 10 кеңесі туралы айтып, журналист Ақтолқын Орысбайқызының заманауи мұсылман қыздың келбеті, Құран жаттау, қыз-келіншектердің күн тәртібін жүйелеу туралы қойған әр сауалына жауап берді.

Сұхбатты жұма күні ҚМДБ-ның төл арнасы «Мұнара» телеарнасынан сағат 11:30 пен 20:30-та көре аласыздар. Руханииятың арнасы әр шаңырақты қосулы болғай!

 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі