«Нұр Ғасыр» мешіті аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасады 3602

«Нұр Ғасыр» мешіті аз қамтылған отбасыларға қайырымдылық жасады

09 қыркүйек 2024 432 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Facыp» мешітінде ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» «ТАЙҚАЗАН» жобасы аясында аз қамтылған 20 отбасыға жарты тонна азық-түлік үлестірілді.

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің ұстазы Талғат Аманов: «Алла Тағала «Әли-Ғимран» сүресінде: «Жақсы көрген нәрселеріңді, (мысалы дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар», – деп баяндаған дей келе, қайырымдылық – сауабы мол амалдың бірі екендігі туралы насихат айтып, отбасыларға азық-түлік қоржынын табыстады.

Көмек алған отбасылар мешіт имамдарына алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі