РАНТ мүшесі жазасын өтеушілермен кездесті
ҚМДБ «Діни оқу-ағарту» бағытының 2023 жылға арналған жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, 1 апталық тәжірибе алмасу және уағыз-насихат іс-сапары бойынша Ақтөбе қаласына РАНТ мүшесі, Алматы қаласындағы «Орбита – 3» мешітінің Бас имамы Дастан Құрманбаев №8-ші түзеу мекемесінде жазасын өтеушілермен жалпы кездесу өткізіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Әрбір адам баласы қашан да жақсылықты үміт етеді Пенде «мен қателік жасадым, енді болашағым бұлыңғыр» деп үмітсіздікке салынбау керек. Керісінше, келешегі жақсы болатынына үміт артып, жақсылығын күту қажет. Сіздерді қоғамға сіңісіп, елге қызмет етуге, Діни басқарманың бекіткен пәтуаларына бойсұнуға, имамдардың уағыз-насихатын тыңдауға және соған амал етуге шақырамын»- деді РАНТ мүшесі.
Сонымен қатар кездесу барысында Дастан Құрманбаев исламдағы сынақ, сабыр, тағдыр және түзету мекемесіндегі құлшылық ету ету тәртібі, білім алудың маңыздылығына жіті тоқталды.
Айта кетсек, кездесуге 48 адам қатысты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі