Иманижаз2025 : Облыстық мешіттің шәкірттерін «Sky Park» ойын-сауық орталығына апарды
Облыстық орталық «Нұр ғасыр» мешітінің ұстаздары #Иманижаз2025 курсындағы шәкірттерді «Sky Park» ойын-сауық орталығына апарды.
Шәкірттер қызықты аттракциондарда ойнап, бір-бірімен еркін араласып, көтеріңкі көңіл күймен уақыттарын өткізді.
«Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі, облыстық мешіттің ұстазы Кенжегүл Кушкарова шара балалардың жазғы демалысын мәнді де мазмұнды өткізіп, оларды білімге ынтыландырып, бірлік пен бауырмалдықты нығайту мақсатында ұйымдастырылғанын айтты.
Айта кетсек, «Нұр ғасыр» мешіті алдағы уақытта да түрлі тәрбиелік мәні бар іс-шараларды тұрақты түрде ұйымдастыруды жалғастырады.
Сауабы мол игі шараға демеушілік жасаған «Sky Park» ойын-сауық орталығының әкімшілігіне алғысымызды білдіреміз!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі