Шалқар: Шаңғы тебуден жарыс өтті
Шалқар ауданында «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында қалалық «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің ұйымдастыруымен жамағат арасында бірлікті, бауырмашылдық мен салауатты өмір салтын ұстануды насихаттау мақсатында шаңғы тебуден жарыс өтті.
«Демалыс күні таза ауамен тыныстап, шаңғы тепкеннің пайдасы өте зор екені белгілі. Өз өмірін осындай игі істерге арнап, денсаулығын түзеуге жұмсаған жастар салауатты да саламатты, жарқын да жасампаз еліміздің берік іргетасын қалауға өлшеусіз үлес қосары сөзсіз. Сонымен қатар, денсаулықты нығайту пайғамбарымыз (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) Мұхаммедтің өсиет еткен сүйікті амалдарының бірі», -деді ұйымдастырушы имамдар.
Ізгілікті насихаттауға арналған жарыстар жыл бойы жалғасын табады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі