Шалқар: Ораза айт ұлттық нақышта тойланды (Фото) 1656

Шалқар: Ораза айт ұлттық нақышта тойланды (Фото)

03 мамыр 2022 102 Оқу 1 минут

Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен Ораза айт мерекесі «Алау» спорт алаңында өтті.

Іс-шарада аудан әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Ақшолақ алғы сөз сөйлеп, ораза айтпен құттықтады. Ал қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Қалыбаев тілегін білдірсе, ауданның Бас имамы Бақыт Тойшыбай ораза айттың маңыздылығына тоқталды.

Дәстүрімізді жаңғыртқан ұлттық шарада қазақы нақыштағы жәдігерлер таныстырылып, спорттың 10 түрінен атап айтқанда қазақша күрес, қол күрес, гір тасын көтеру, аударыспақ, өгіз тартыс, қой көтеру, арқан тартыс, жебе тарту, асық ату, ләңгі тебуден сайыс өтті. Сонымен қатар бүлдіршіндерге айттың құрметіне орай арнайы сайыстар ұйымдастырылып, белсендік танытып жүлделі болғандарға бағалы сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетсек, 1200 адамға мерекелік дастархан жайылып, балаларға арналып 600 балмұздақ таратылды.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі