Шалқар: Әйел жамағатына семинар ұйымдастырылды
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің ұйымдастыруымен «Жанаман ахун Сейітімұлы» мешітінің жанындағы қайырымдылық мекемесінде «Пайғамбар шаңырағының тәрбиесі» атты қыз-келіншектерге арналған семинар өтті.
Игі шара барысында Пайғамбар шаңырағындағы бала тәрбиесіне қатысты оқиғалар баяндалып, белсенді жамағат әйел адамның отбасындағы рөлі, бала тәрбиесі, күнделікті мән бере бермейтін пайдалы, тың ақпараттармен бөлісті.
Сондай – ақ ұстаз Жұлдыз Тлеубай «kahoot» программасы арқылы кітап аясында интеллектуалды сайыс өткізіп, белсенділік танытқан үздік шәкірттерге Шалқар ауданының бас имамының алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табыс етті.
Одан өзге, психолог маман Әлия Айтжанова қызықты, ой сергітер психологиялық ойындар ұйымдастырды.
Шара қортындысында отбасыдағы өзекті мәселелер көтерілген семинар қатысушылары ұйымдастырушыларға жылы лебіздерін білдіріп, алғыс айтты.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі