Шалқар: Ауданның 90 жылдығында дін мамандары ұлттық құндылықтарды насихаттады
Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешіті Шалқар ауданының 90 жылдық мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған шараға қатысты.
Аудан имамы Бақыт Абдиисламұлының бастамасымен екі ағаш үй тігіліп, қала тұрғындары мен қала қонақтарына дәстүрлі дастархан жайылды.
Шара барысында қазыналы қарттар мен ақжаулы аналар ақ батасын берді.
Сонымен қатар Жанаман ахун Сейітімұлы мешіті ақсақалдар кеңесінің мүшесі Бекділдә ақсақал мешіт тарапынан ұйымдастырылып отырған бұл қайырымды іске ризалығын білдірді.
Одан өзге әйел жамағаты да қазақы нақышта киім киіп, ұлттық құндылықтарды насихаттап, жиналған қауымға мерекелік көңіл күй сыйлады.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі