Ақтөбе: «Ислам – отбасыдағы зорлық-зомбылыққа қарсы» атты семинар өтті
Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығында «Ислам – отбасыдағы зорлық-зомбылыққа қарсы» атты семинар өтті.
Аталған мешіт ұстаздары Жұлдыз Алдаберген және Назерке Айбекқызы зорлық-зомбылықтың шаңырақтың шайқалуына тигізер зардаптары, бала тәрбиесіне кері әсерлері мен апаттары туралы тоқтала өтті.
Сонымен қатар отбасы жағдайында зорлық-зомбылық әрекеттері орын алған жағдайда әйел адам қандай әрекеттер жасап, нендей амалдарға бару қажеттігі туралы түсіндірді. Одан өзге, ізгі аналарымыздың өмірінен мысалдар бере отырып, жанұяның жылулығын сақтап қалудың жолдарын баяндап, зорлық-зомбылықтың алдын-алу қажеттігін атап кетті.
Айта кетейік, семинарға 30-ға жуық әйел жамағаты қатысып, өзекті сауалдарына жауап алды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі