Сектор жетекшісі ауданда әйелдерге насихат жүргізді
Хромтау аудандық « Нұр» мешітінің Бас имамы Ерік Сұлтановтың бастауымен әйел жамағатына ауызашар дастарханы жайылып, мешіт жанындағы сауат ашу курсының белсенділерінің атсалысыумен «Рамазан- кешірім және мол мүмкіндік айы» атты рухани кешіне жалпы саны 300 адам жиналды.
Шара Алланың Кәләмы және Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) салауат айтумен басталып, жүргізушілер тарапынан Қасиетті айды дәріптеген құттықтаулармен жалғасын тапты.
Кештің қонағы,облыстық «әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова Рамазан айының соңғы Пайғамбардың(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмметіне берген Алланың көркем құлшылығы мен қатар шексіз нығметі екені туралы айта келе , ораза - сабырлық танытып, қиындыққа мойымай, ерік-жігерді шыңдау арқылы нәпсіні тәрбиелеуде маңызды роль атқаратынын атап өтті.
Жамағатқа Рамазан айының соңғы он күнінің тақ түндерінде, Аллаға жақындататын амалдарды еселеп, 83 жыл жасалған мінәжәттің сауабына татитын Қадір түніне кезіккен жандардан болуын тіледі.
Кеш соңында ғибратты көріністер сахналанып, викториналық сұрақтар мен ойындар ұйымдастырылып, сыйлықтар таратылды.
Рухани кешке келген жамағат алғысын білдіріп, әжелер батасын берді.