Ауыл жастары арасында баскетболдан турнир өтті 2393

Ауыл жастары арасында баскетболдан турнир өтті

31 қаңтар 2023 119 Оқу 1 минут

Шалқар ауданы, Бегімбет ауылы, «Бегімбет» мешітінің 10 жылдығына орай ауыл имамы Нұрдәулет Әуезовтың ұйымдастыруымен ауыл жастары арасында баскетболдан турнир өтті. 

Сайысқа аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінің наиб имамдары Ерлан Наурызбаев, Нұрсұлтан Жүнісәлі және ауылдын имамдары қатысты.

Турнир барысында ауыл әкімі Оралбек Абшанұлы құттықтау тілегін білдірді. Ал ауыл имамы Нұрдәулет Әуезов ынтымақ пен бірлікті арттыруға арналған додаға қатысушы командаларға сәттілік тіледі.

Жарысқа 8 команда қатысып, оның ішінде қортынды есеп бойынша І орынды (20 000 теңге) «Мухажерлер», ІІ орынды «Аңсарлар» (15 000 теңге), ІІІ орынды «Ихсан» тобы (10 000 теңге) иеленді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі