#Құрбанайт2026 : Ақтөбе қаласының бас имамы «Рика» телеарнасына арнайы сұхбат берді.
Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли Құрбан айт мерекесіне орай «Рика» телеарнасына арнайы сұхбат берді.
Қаланың бас имамы Құрбан айт мерекесінің рухани маңызы мен құрбан шалудың артықшылықтарына кеңінен тоқталды. Сонымен қатар айт күндері мұсылман қауымына сауапты амалдарды көбейтіп, ізгілік пен қайырымдылық жасау, ағайын-туыспен араласу секілді игі істердің маңыздылығын атап өтті. Мерекеде орынсыз әрекеттерден аулақ болып, шариғатқа сай әрі берекелі өткізу қажеттігі жөнінде айтты.
Одан өзге Құрбан айт күндері Ақтөбе қаласындағы мешіттерде ұйымдастырылатын іс-шаралар туралы да баяндады.
Сұхбат соңында биылғы жылы құрбандық шалынатын арнайы орындар таныстырылып, тұрғындарға құрбан шалу рәсімін белгіленген орындарда ұйымдасқан түрде өткізу жөнінде ақпарат берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі





































