Ембіде алғаш рет азан жарысы ұйымдастырылды
Ембі қалалық «Нұр» мешітінде алғаш рет жамағат арасында «Азан» жарысы өтіп, оған 9 шәкірт қатысты.
Ембі қалалық «Нұр» мешітінің имамы Нұрсұлтан Тұрсынқұлов: «Азанды күнде еститініміз рас. Кейде жай әуезді әуен екен деп қабылдаймыз. Кейде мән бермейміз. Ол Иманның әсілін, Исламның болмысын қамтиды, яғни құдірет те, күш те, басқару да, билік те, әр бір істің тағдыры қамтуында болған Алланы бүкіл нәрселерден ұлықтайды. Сол арқылы адамдарды тек Аллаға құлшылық қылуға, Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) соңынан ілесуге шақырады. Азаншы әрбір кісіні намазға, бақытқа бастар жолға яғни сені Аллаға жолықтырар сәтке шақырады. Біле білсек, азан Аллаға ұнайтын сөздің ең сүйкімдісі екенін ұмытпауымыз керек. Осы мақсатта ұлықтау негізінде бүгінгі шараны ұйымдастырдық», - деп жарыстың маңыздылығын атап өтті.
Әділқазылардың бағалауы бойынша қортынды есепте бас жүлдені Аслан Танатар иеленді. Одан өзге І, ІІ, ІІІ орынмен озық деген азаншылар марапатталды.
Жеңіспаздарға қасиетті Құран Кәрім және діни кітаптар, түрік мәсісі мен сапарға арналып былғарыдан тігілген жайнамаздар табысталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі