#Құрбанайт2025 : Ақтөбе облысындағы мерекелік шаралар (ФОТО)
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде ұлық мереке Құрбан айтты ұлықтау мақсатында облыс, қала, аудан, ауыл мешіттерінде ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Атап айтқанда қазақша күрес, ләңгі тебу, қол күрес, балалар арасында шекер көтеру, ақсақалдар арасында асық ату, балалар арасында сұрақ-жауап, ересектер арасында гір көтеру, жамағат арасында арқан тартыс сайысы өтіп, үздіктер жеңімпаз атанып, сыйлықтар табысталды.
Ал «Әйел-қыздар» секторы қайырымдылық жәрмеңкесін өткізді. Балаларға айттық ретінде тәттілер үлестірді. Сонымен қатар жамағатқа мерекелік дастарқан жасалды.
Шара қатысушылар имамдар мен ұстаздарға алғысын білдірді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі