РАТТ мүшесі Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағатымен жүздесті 3662

РАТТ мүшесі Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағатымен жүздесті

16 қыркүйек 2024 263 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысына РАТТ мүшесі, Ұлытау облысы, Жезқазған қаласындағы «Ахмет Ишан Оразайұлы» мешітінің наиб имамы Елдос Қуандықұлы арнайы іс -сапармен келді.

Сапар барысында РАТТ мүшесі Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жамағатымен жүздесті.

Мүбәрак мәуліт айымен тұспа-тұс келген келелі кездесуде Елдос Жұмаділда ардақты Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) ғибрат ғұмырын үлгі ете отырып, оған көркем түрде ілесудің маңыздылығы туралы атап өтті.

«Қазіргі мейірімге мұқтаж қоғамда Алла Елшісінің (с.ғ.с) көркем мінез-құлығын шынайы ниетпен дәріптеу әрбірімізге міндет амал. Өйткені, бүгінгі қоғамда дін ұстанған кез-келген адамды оның іс-әрекеті, әдебі мен мінезіне қарап бағалап, Исламға сол тұрғыдан көзқарас қалыптастырады»-деп түсіндірді.

Кездесу соңында Ақтөбе қалалық орталық мешітінің бас имамы Нұрлыбек Шакизада жамағат атынан алғыс білдіріп, дін үшін атқарып жатқан істеріне береке тіледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі