РАТТ мүшесі әйел жамағатымен кездесті
РАТТ мүшесі, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің құрметті профессоры және оқытушысы, исламтанушы ғалым Шамшат Әділбаева Ақтөбе қалалық орталық мешітінің әйел жамағатымен кездесті.
Кездесу барысында «Әйел-отбасының ұйытқысы» тақырыбында насихат айтты.
«Дінімізде әйел адамның мәртебесі жоғары көтерілген. Құқығы мен мүмкіндігі де соншалықты қорғалған. Отбасыдағы қарым-қатынас пен жылулықты сақтау нәзік жандыларға тікелей байланысты»-деп атап өтті РАНТ мұшесі.
Шара соңында жамағат тарапынан сауалдар қойылып, өзекті тақырыптар кеңінен тоқталып, тұщымды жауаптар берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі