«Отбасым – бақыт мекенім» шарасы ұйымдастырылды 3530

«Отбасым – бақыт мекенім» шарасы ұйымдастырылды

31 тамыз 2024 698 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінің жанындағы әйелдер орталығының ұйымдастыруымен «Дін және дәстүр құндылығы» бағыты аясында іс-шара өтті. 

«Отбасым – бақыт мекенім» атты шарада қазақ дүниетанымындағы отбасыға қатысты құндылықтар мен әйел адамның қоғамдағы әрі жанұядағы орны туралы маңызды ақпараттар айтылды.

Шараға ҚМДБ-ның Ақтөбе Ақтөбе облысы өкілдігі, «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі Кенжегүл Кушкарова, Қобда мешітінің ұстазы Баян Мергенғалиқызы, РАТТ мүшесі, «Бақытжан» мешітінің ұстазы, Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз хатшысы Ақтолқын Орысбайққызы ұстаздар арнайы қатысып, тақырып төңірегінде уағыз-насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Айта кетейік, іс-шараға 30-ға жуық қыз-келіншектер қатысып, пайдалы басқасудан ерекше әсер алды.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі