РАНТ мүшесі Қызылорда облысында
РАНТ мүшесі, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Күзенбаев Қызылорда облысына арнайы жұмыс сапарымен барды.
Сапар барысында сыр өңірінің жамағатмен кездесіп, бірнеше тақырып аясында уағыз-насихат жүргізді. Атап айтқанда, насихат жұмысы Қызылорда қалалық «Нұр» және Байқоңыр қалалық «Жәрімбет» мешіттерінде жергілікті жамағатпен жүздесуден басталып, «Иман және амал», «Иман және ихсан», «Сабырлық» тақырыптары аясында насихат айтты.
Сонымен қатар Нұрлыбек Шакизадаұлы облыстық «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Кісі ақысын жеу – үлкен күнә» туралы жұма уағызын жүргізді. Нақтырақ айтқанда, жемқорлық, жетімнің ақысын жеу, ұрлық, таразыдан жеу, өзгенің ар-намысына тию арқылы кісіге қиянат жасаудың зардабын түсіндірді.
РАНТ мүшесі ЗК-60 және ЗК-68 мекемелеріндегі жазасын өтеушілерге «Иман байлығы», «Ихсан», «Бауырмалдылық» тақырыптарында баяндап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.
Аталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары аясында 1500 адам қамтылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі