РАНТ мүшесі Шалқар ауданына іс-сапармен барды 2518

РАНТ мүшесі Шалқар ауданына іс-сапармен барды

26 ақпан 2023 128 Оқу 1 минут

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлының бастамасымен, «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында 5 бағыттың бірі – Жат ағымнан сақтандыру мақсатында Шалқар ауданына РАНТ мүшесі, Қызылорда қалалық «Айтбай» мешітінің бас имамы Дастан Құрманбаев келіп, 1 күнде 610 адаммен жалпы кездесу өткізді.

РАНТ мүшесі іс-сапар сапар барысында Шалқар аудандық «Матай Қоқанұлы» мешітінде жұма уағызын жүргізді. Одан өзге «Шалқар аграрлық-техникалық колледжі» КММ-де студенттермен және №5 мектеп-лицейінің оқушыларымен кездесіп, «Дініміз бен дәстүріміздің үндестігі» турасында сөз қозғап, жастардың түйткілді сұрақтарына тұшымды жауаптар берді.

Іс-сапар қортындысында «Матай Қоқанұлы» мешітінің асханасында «Дәстүрлі дініміздің түйткілді мәселелері» тақырыбында уағыз-насихат айтып, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға тоқталып, кеңінен түсіндіріп берді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі