Қобда: Суға кеткен үй иелеріне 500 000 теңге қаржылай қолдау көрсетілді 2667

Қобда: Суға кеткен үй иелеріне 500 000 теңге қаржылай қолдау көрсетілді

21 сәуір 2023 426 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің атынан табиғи апаттың бірі – суға кеткен үй иелеріне арнап Бауыржан» мейрамханасында ауызашар беріліп, оған аудан ақсақалдары, қала тұрғындарына және мешіт жамағаты т.б қатысты.

Сауабы мол игі шараға облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман қатысып, төтенше жағдайдан зардап шеккен тұрғындардың қам көңіліне облыстың бас имамы Серікжан Еншібайұлының атынын жұбаныш сөзін айтты.

Сонымен қатар наиб имам Рамазан айының қасиеті, жақсылық жасаудың маңыздылығы турасында уағыз айтты.

Шара соңында ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының атынан көктемгі уақытта үйлері суға кеткен 5 отбасыға 100 000 теңгеден 500 000 теңге қаржылай қолдау көрсетіліп, сертификаттар берілді. Одан өзге ауданның Бас имамын қолдау мақсатында өкілдік тарапынан 50 000 теңгенің сертификаты табысталды.

Жиналған қатысушылар ұйымдастырушыларға және демеушілік көрсетіп жатқан ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорына өз алғыстарын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі