ЖАНТ мүшесі Байғанин ауданында 1816

ЖАНТ мүшесі Байғанин ауданында

25 маусым 2022 198 Оқу 1 минут

«Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында ЖАНТ мүшесі, Ақтөбе қаласындағы «Қайырқожа» мешітінің имамы Сұңғат Саметов Байғанин ауданында 2 күн іс-сапарда болды.

Аталған іс-сапар мемлекеттік қызметкерлер күніне орай аудан әкімдігінде төл мереке иелерімен «Дін дұшпандарының ақпараттық шабуылдары» тақырыбында кездесуден басталды.

Сонымен қатар іс-сапар барысында имам жастар ресурстық орталығында колледж студенттерімен «Исламның кең тармақтары» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын өткізді. Ал Байғанин аудандық орталық мешітінде бесін намазының алдында «Нығметке шүкір ету», құптан намазының алдында «Қасиетті мекендер және қажылық» тақырыбында уағыз айтты.

Екінді намазынан кейін кешкілік жамағат арасында аудандық спорт кешенінде садақ атудан сайыс өтіп, жүлгегерлерді Сұңғат Қанатұлы марапаттады.

Іс-сапар аудандық орталық мешітте ЖАНТ мүшесінің «Қарыз беру және қайтару әдебі» тақырыбында жұма уағызымен қортындыланды.

Айта кетсек, екі күнге созылған іс-сапарда имам 200 адамға ақпараттық түсіндіру жұмысын жүргізді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі