РАНТ мүшесі Әйтеке би ауданында
РАНТ мүшесі, Ақтөбе қаласының Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы Әйтеке би ауданына 2 күндік арнайы іс-сапармен барды.
Іс-сапар барысында аудандағы бірнеше мекемелерде діни экстремизм мен оның алдын алу шаралары бойынша кездесулер өткізді.
Аталған кездесу Әйтеке би аудандық кітапханада «Діни экстремизм және жасөспірімдер» тақырыбында басталды.
Бас имам деструктивті ағымдар туралы білудің маңыздылығы туралы: «Жат ағымдардың идеологиясы мен сенім тұрғысындағы таным-түсініктерін білу адасудан сақтайды. Себебі қоғамда кездесіп жатқан түрлі жайттарды саралап қарасаңыз, діни білімсіздіктен туындауда. Яғни теріс пиғылды топтардың сипаттарын жіті танымаудан. Сол себепті дінге қатысты кез келген сауалдың жауабын діни саланың білікті мамандарынан алу қажет»-деп түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар аудандық көпсалалы колледж студенттермен кездесу өткізіліп, «Жат ағымның зардаптары» туралы сөз қозғалды. Студенттер тарапынан сауалдар қойылып, РАНТ мүшесі маңызды сұрақтарды кеңінен түсіндіріп, әр сұраққа жіті тоқталды
Одан өзге аудандық әкімшілік қызметкерлері мен мектеп мұғалімдерімен кездесуде «Діни толеранттылық және экстремизм» аясында ақпарат берілді.
РАНТ мүшесі аудандық мешітте өткен Мәуліт кешіне қатысып, «Иман және амал» тақырыбында уағыз айтып, Қарабұтақ ауылдық мешітінде жұма уағызын жүргізді.
Іс-сапар қортындысы бойынша түсіндіру жұмыстарында 250 адам қамтылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі