Ұлттық мерекені ұлықтау мақсатында шара өтті
Ақтөбе қаласындағы «Бақытжан» мешітінде әйел жамағаты 25 қазан – Республика күніне орай жамағатқа қайырымдылық жәрмеңкесін ұйымдастырылды.
Аталған жәрмеңкеге қазақ халқының ғасырлар бойы салт-дәстүрінде ұлттық асы боп ақ дастарханының төрінен орын алған қымыз, сүт өнімдері: айран, май, қаймақ, кілегей, ірімшік, сондай-ақ ұн өнімдерінен жасалған тәтті бәліштер мен тоқаштардың түр-түрлері, табиғи бал, құс еті, тары, талқан секілді дәнді-дақылдар қойылды.
Одан өзге мерекені ұлықтау, ұлттық салт-дәстүрлерімізді жаңғырту мақсатында қолөнер бұйымдарынан көрме ұйымдастырылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі