Ауданның Бас имамдары марапатталды
ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігіне қарасты Мұғалжар ауданының Бас имамы Асемхан Ерғазин мен Хромтау ауданының Бас имамы Ерік Сұлтанов облыс әкімі Ералы Тоғжановтың алғыс хатымен марапатталды.
«Облыс аумағындағы діни ахуалды тұрақтандыру, қоғамдағы бейбітшілік пен бірлікті нығайту және мемлекеттің зайырлы принциптерін түсіндіру, дәстүрлі құндылықтарды дәріптеу жолындағы белсенді қызметіңіз бен сүбелі еңбегіңіз үшін алғыс білдіремін.
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, қызметіңізге абырой, рухани бастамаларыңызға тың серпін тілеймін», -делінген алғыс хат мәтінінде.
Айта кетсек, ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің 2022 жылды қортындылау жиынында ҚМДБ-ның 7 бағытының бірі – «Ақпарат және ағарту» бағыты бойынша 2 имамда облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлының алғыс хатымен марапатталып, үздік деп танылды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі