«Рамазан қоржыны» қарттар үйінде жалғасын тапты 1515

«Рамазан қоржыны» қарттар үйінде жалғасын тапты

10 сәуір 2022 185 Оқу 1 минут

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасына орай, еліміздің әр өңірінде қасиетті Рамазан айында «Рамазан қоржыны» қайырымыдылық акциясы өтуде. Осы игі бастама Ақтөбе қаласындағы қарттар үйінде де жалғасын тапты. 

Ақтөбе қаласындағы «Қабақ баба» мешітінің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының ұйытқы болуымен бастау алған шараға мешіттің наиб имамы Қайрат Имағанбетов және мешіт молдасы Ролан Кушимбетов атсалысты.

Қайырымдылық акциясы негізінде қарттар үйіндегі 30 қарияға «Рамазан қоржыны» тарту етілді.

Шара қортындысында игі бастамаға алғыстарын жеткізіп, қариялар мешіт имамдарына ақ баталарын берді.


Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі