Рамазанға орай отбасылық онлайн сайыс өтіп жатыр 639

Рамазанға орай отбасылық онлайн сайыс өтіп жатыр

05 мамыр 2021 339 Оқу 1 минут

ҚМДБ қасиетті Рамазан айын жоғары деңгейде атап өту мақсатында «Рамазан – отбасы айы» атты айдармен әртүрлі отбасылық іс-шаралар өткізуді күн тәртібіне қойған болатын.

ҚМДБ «Әйел-қыздар» секторының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі, әйелдер ұстазы Кенжегүл Қошқарованың ұйымдастыруымен «Шаңыраққа шуақ шашқан Рамазан» атты отбасылар арасында онлайн байқау жарияланды. Байқау «Әйел-қыздар» секторының инстаграм әлеуметтік желісі арқылы өтіп, ол жерде 30 отбасы қатысты. Байқау шарттары бойынша Рамазан айында отбасыда мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, үйдің үшін безендіріп, отбасылық жағдайда қалай атап өту керектігін көрсету керек болатын. Талапқа сай әр отбасы бала-шағасымен өз дайындықтарын видеороликке түсіріп, үй ішін безендіріп, өлең-жыр шумақтарымен қасиетті айдың маңыздылығын жеткізді.

Алдағы уақытта инстаграм әлеуметтік желісі арқылы жеңімпаз отбасылар көпшіліктің дауыс беруімен анықталатын болады. Сонымен қатар бағалы сыйлықтар мен ынталандыру жүлделері беріледі.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі