Рамазан айының алғашқы күндерінде Ақтөбе облысы өкілдігінде қайырымдылық акциясы өтті
Қасиетті Рамазан айының алғашқы күндерінде ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінде мешіттерге көмек сұрап келген аз қамтылған және көпбалалы, жалғызбасты, мүмкіндігі шектеулі санаттағы т.б отбасылардың өтініштері ескеріліп, 1 101 000 теңгеге көмек берілді.
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық қорының» «Қолма-қол» акциясы аясында облыстық «Нұр Ғасыр» мешіті 1 студенттің оқу ақысына 250 000 теңге, ал 7 адамға 280 000 теңге ( әр адамға 40 000 теңгеден) және «Бақытжан» мешітінің бас имамы Ержан Мизамовтың себепкерлігімен 8 адамға 400 000 теңге зекет табысталды.
Сонымен қатар «Өмірге үміт сыйла» акциясы аясында облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Алмат Әлидің ұйымдастыруымен 2 адамның еміне 100 000 теңге, Алға ауданының Бас имамы Абдувахид Абдурасулов мұрындық болуымен 1 адамның еміне 50 000 теңге, Ойыл ауданының Бас имамы Нұрсұлтан Серікұлының бастамасымен қайырымдылық турнирі өтіп, жиналған 120 000 теңге қаржы 1 адамның сырқатының еміне берілді.
Игі шараға демеушілік танытқан кәсіпкерлерге алғыс білдіреміз, кәсіптеріне Алла Тағала саауаптан жазсын!
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі