Ақтөбе: «Сарқыт» мейрамханасында халал стандарты бойынша алғашқы аудит жұмысы жүргізілді 1337

Ақтөбе: «Сарқыт» мейрамханасында халал стандарты бойынша алғашқы аудит жұмысы жүргізілді

23 ақпан 2022 263 Оқу 1 минут

Ақтөбе қаласындағы қоғамдық тамақтану орындарының бірі – «Сарқыт» мейрамханасында халал стандарты бойынша алғашқы аудит жұмысы жүргізілді. Бақылау-қадағалау шараларын «Халал Дамудың» бас сарапшы технологы Айжан Омарова мен Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Жарасхан Әбдісаламов орындады.

Аудит барысында халал стандарты бойынша тамақтану орындарына қойылатын талаптардың орындалуы, шикізат пен тағамдық қоспалардың шариғатқа сай болуы, өндіріс аймағының тазалығы, дайын өнімдердің тоңазытқыштар мен мұздатқыштарда дұрыс сақталуы, қызметкерлердің гигиеналық санитарлық тазалықты сақтай отырып, ас әзірлеуі секілді барлық мәселелер қарастырылды. Тексеріс қорытындысы бойынша акт толтырылып, кәсіпорын қызметкерлеріне халал турасында оқу-семинары өтті.

«Халал ас тұтыну – әрбір мұсылман үшін маңызды. Сондықтан да, кәсіпкерлер мен қызметкерлерге шариғатымыздағы халалдың орны мен маңызы, халал стандарт талаптарын сақтай отырып қызмет көрсету мәселерін түсіндіру біздің міндетіміз. Сол себепті, халал жөнінде барлығымыздың біліміміз бен ақпаратымыздың болуы шарт», – деген Айжан Қалмаханқызы стандарт талаптарын толықтай түсіндіріп, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Еске салсақ, «Сарқыт» ресторанын сертификаттау процессі әлі де аяқталмағандығын және де сертификаттау нәтижесімен алдағы уақытта бөлісетіндігімізді хабарлаймыз.

Сонымен қатар Айжан Омарованың Ақтөбе облысына сапары барысында «Rokos» шұжық цехы тексерді.

«Ақтөбе облысында азық-түлік өндірісі жылдам қарқынмен дамып келеді. Жыл сайын өңірде тамақ өнеркәсібі бағытындағы жаңа кәсіпорындар ашылып, ежелгі өнеркәсіптер өндіріс ауқымын кеңейтуде. Өңірдегі сондай ірі кәсіпорындардың бірі – «Rokos» шұжық өндіру цехы. «QMDB Halal» стандарты бойынша сертификатталған кәсіпорында тыңғылықты тексеріс жұмыстары жүргізіліп, шұжық өнімдерін өндіру, өңдеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, сақтау, сату кезеңдері түгелдей қадағаланып, шикізаттары мен тағамдық қоспалары тексерілді», – деген Айжан Қалмаханқызы шұжық цехында бекітілген халал стандарты талаптарын бұзу жағдайлары тіркелмегендігін жеткізді.

Одан өзге бас сарапшы технолог өңірдегі халал стандарты бойынша аудит жұмысының сәтті аяқталғанын айтып, қайта терсеруден өткен кәсіпорындар мен фас фуд өнімдері барлық талапқа сай қызмет көрсетіп отырғандығын айтты.

Іс-сапар қортындысында Айжан Омарова облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде «Жұмадағы жүздесу» бағдарламасында қонақ болып, журналист Ақтолқын Тажиковаға «Халал өнімдердің технологиясы қалай жасалады?» тақырыбында сұхбат берді.

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі