ПОЕЗД ІШІНДЕ НАМАЗДЫ ТҰРЫП ОҚУ ДҰРЫС ПА?
Сұрақ: Әссәләәму алейкум! Жүріп бара жатқан поезд ішінде намаз оқу үкімі қалай болмақ? Кейбір жолаушылар 24 сағат бойы поезда болады. Осы мәселені айтып берсеңіз.
Жауап: Уа алейкум ассалам!
Шариғат бойынша төрт мазхабта да поезда құбылаға қарап, тік тұрып намаз оқуға рұқсат етіледі. Бұл кемеде намаз оқу мәселесін басшылыққа алып (қияс етіліп) айтылған[1]. Өйткені, Пайғамбарымыздан (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) кемеде намаз оқу жайлы сұрағанда: «Батып кету қаупі болмаса, тұрып оқы[2]», - деп айтқан.
Дайындаған: nurgasyr.kz
[1]Дарул-Ифта
[2]Байһақи