Пайғамбар айтқан кез келді...
Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын):
«Үмбетім бес нәрсеге қызығып, бес нәрсені ұмытып қоятын дәуір келеді. (Сол кезде адамдар) өмірдің қызығына қызығып, ақыретті ұмытады. Хансарайларды салам деп, қабірді ұмытады. Некесіз сұлуларға қызығам деп, пейіштегі хор қыздарды ұмытады. Нәпсіге беріліп, Құдай Тағаланы ұмытады. Мен ондайлардан алыспын, олар менен алыс», - деген екен.