Оқушыларға жат ағым қауіпі түсіндірілді
Шалқар ауданының бас имамы Абзал Медетбеков «№4 ЖОББМ» -нің оқушыларымен «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында кездесу өткізіп, басқада діни сұрақтарға жауап берді.
Кездесу барысында имам ата-баба дәстүрімен біте қайнасқан Әбу Ханифа мәзһабының ерекшеліктері, қазақ елінен шыққан діни қайраткерлердің өмір тарихы мен діни ұстанымдарына тоқталып, жат діни ағымдардың белгілері мен олардан сақтанудың жолдарын көрсетті.
Аталған кездесуге 50 оқушы қатысып, өздерін толғандырған діни сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі