Мүфтият баспасынан шыққан кітаптар таныстырылды
ҚМБД-ның “Дін мен дәстүр” бағыты аясында “Қабақ баба” мешітінің жамағатына мүфтият баспасынан шыққан кітаптар таныстырылды.
Мешіттің бас имамы Нұрлыбек Молдабайұлының бастамасымен “Мінсіз Мұхаммед”, “Имандылық әліппесі” т.б секілді кітаптар мазмұны кеңінен түсіндіріліп, мешіт сөресін кез-келген уақытта алып оқуға болатындығы айтылды.
Айта кетейік, мешіттегі жамағаттың таным-көкжиегін кеңейтіп, түрлі тақырыптарда ақпараттар алу үшін мешіт ішінде арнайы кітап сөрелері орнатылған.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі