Отбасылық мәселелерге байланысты онлайн сұрақ-жауап эфирі өтеді 815

Отбасылық мәселелерге байланысты онлайн сұрақ-жауап эфирі өтеді

09 қыркүйек 2021 153 Оқу 1 минут

Ертең, 10 қыркүйек сағат Ақтөбе уақытымен 17:00-де ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің @nur_gasyr Instagram парақшасында отбасылық мәселелерге байланысты онлайн сұрақ-жауап эфирі өтеді.

Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил  Шадман «Ғибрат» жобасы аясында «Отбасы апталығына» орай отбасылық мәселелерге қатысты сауалдарға жауап береді.

Сіздің де отбасы, тұрмыс-салтқа қатысты сұрақтарыңыз болса, тікелей эфир барысында қоя аласыз. Онлайн сұрақ-жауап эфирін өткізіп алмаңыз!


Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі