Түзету мекемесінде Құран жарысы өтті
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай "Зайырлы ел – қайырлы ел" жобасы аясында "Аңсар" АТО ұйымдастыруымен Ақтөбе облыстық ҚАЖ департаментіне қарасты 168/2 түзету мекемесінде жазасын өтеушілер арасында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша сайыста Ақтөбе облыстық орталық "Нұр Ғасыр" мешітінің наиб имамдары Бекжан қари Әлденов пен Мұхаммедисмаил Шадман қазылық етті.
Аталған сайыста 10 қатысушы бақ сынады.
Сайыс шарты бойынша үміткерлердің тәжуиді мен махраджына, оқу мәнеріне мән берілді. Қатысушылар Фәжір, Бәйинә, Иншиқоқ, Нәбә, Бәләд, Ғабасә, Мутоффифин, Қориға, Һумәза сүрелерін жатқа айтып жарысты.
Қортынды нәтиже бойынша Құран Кəрімнің 30 парасын жатқа айтқан Батыржан Қошақов додада І орынды, ал Бауыржан Талапов ІІ орын, ІІІ орынды Ерболат Дариябаев еншіледі.
Барлық жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар мен бірінші қажеттіліктегі гигиеналық заттар сыйға берілді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» қызметінің баспасөз қызметі