ОТБАСЫЛЫҚ ЭСТАФЕТА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
ҚМДБ-ның «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінде «Ынтымағы жарасқан жанұя» атты отбасылық эстафета ұйымдастырылды.
Ауданның бас имамы Ерік Сұлтанов шара отбасылық құндылықтарды насихаттау, бірлік пен татулықтың маңызын арттыру мақсатында ұйымдастырылғанын айтты.
Жарысқа мешіт жамағатындағы отбасылар белсене қатысып, ұйымшылдық пен жарасымды қарым-қатынас үлгісін көрсетті. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаз командалар қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі