17 Рабиғ әл-әууәл
Қала мешіттерінің молдаларына семинар өтті 4697

Қала мешіттерінің молдаларына семинар өтті

23 шілде 2025 144 Оқу 1 минут

Ақтөбе қалалық орталық мешітінде қала мешіттерінің молдаларына арналған семинар өтті. 

Жаназа және жерлеу рәсімдерін бірізділікке түсіру мәселелері жөнінде өткен жиын халық арасында өлім-жітімге қатысты атқарылатын істерді жүйелеп, қоғамның аталған мәселеге қатысты діни сауатын көтеру қамтылды.

Семинарға арнайы қатысқан Ақтөбе қаласының бас имамы Алмат Әли молдалардың негізгі ұсыныс-тілектерін тыңдап, атқарып жатқан жұмыстар барысының қаншалықты деңгейде жүзеге асып жатқандығына баса назар аударды. Сондай-ақ садақа кезінде жайылатын дастархан мәзірін бірқалыпты ету, ысырапшылдыққа жол бермеу, аста-төк әрекеттерге ескерту жасау секілді маңызды ойларды атап өтті. Одан өзге марқұмды жоқтау кезінде асылық сөздер айту, шектен тыс дауыс көтеру, көңіл айтушылардың өзге дүниелік сөздерге берілуін уағыз-насихат барысында көпшілікке ескерту жөнінде де тілге тиек етті.

Семинар соңында алдағы уақытқа нақты жоспарлар бекітіліп, жауапты мамандарға міндетті жұмыстар тапсырылды.

Ақтөбе облыстық орталық 

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі