«Қолдан-қолға»: 10 отбасыға 100 000 теңгеден көмек берілді 4899

«Қолдан-қолға»: 10 отбасыға 100 000 теңгеден көмек берілді

04 қазан 2025 61 Оқу 1 минут

ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Әлидің ұйымдастыруымен «Қолдан-қолға» акциясы аясында мүмкіндігі шектеулі, көпбалалы, аз қамтылған санаттағы 10 отбасыға 100 000 теңгеден, жалпы 1 000 000 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді.

Ардақты Пайғамбарымыз да (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Ырзығының мол болуын қалаған садақа берсін» (Дәйләми), «Садақа беру арқылы ырзықтарыңды арттырыңдар» (Бәйхаки), «Садақа дүние-мүлікті көбейтеді» (Ибн Ади), «Садақа бергеннің ырзығы артып, дұғасы қабыл болады» (Ибн Мәжа) деп бізге Алланың уәдесін қайта-қайта еске салған болатын.

Қасиетті Құранның 200 жерінде Алла жолында садақа беру, мал сарп ету жайында баяндалады. Яғни Алла берген нығметті Алла жолында жұмсау сауапты амал екені айтылады.

Сауабы мол игі іске демеушілік танытқан әр жанға Алла разы болып, кәсіптеріне береке берсін!

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі