Облыстың Бас имамы  Темір ауданындағы мешіт құрылыстарымен танысты 3687

Облыстың Бас имамы Темір ауданындағы мешіт құрылыстарымен танысты

18 қыркүйек 2024 310 Оқу 1 минут

Темір ауданына арнайы жұмыс сапарымен барған Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев аудандағы мешіт құрылыстарымен танысты.

Арнайы сапар барысында облыстың Бас имамы Темір ауданы орталығындағы сыйымдылығы 1500 адамдық мешіт құрылысының жұмысын көрді. Мешіт жергілікті халықтың, кәсіпкерлердің көмегімен бой көтерген. Қазіргі кезде ішкі әрлеу жұмыстары жасалынуда.

Сонымен қатар Бас имам Саркөл ауылдық округі, Шұбарши ауылындағы мешіт құрылыстарынада шолу жасады. Мешіт құрылысын жергілікті кәсіпкерлер жүргізуде. 

Айта кетсек, екі мешітте биылғы жылы халықтың қолданысына беру жоспарланып отыр.


 

Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі