Облыстың Бас имамы: Мұсылманшылықтың мұраты – бірлікке үндеу
Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы «Aqtobe» телеарнасындағы «Иман нұры» бағдарламасының алғашқы санында «Ислам – бейбітшілік діні» тақырыбында сұхбат берді.
Бағдарлама барысында Бас имам: Ислам дiнi – жер бетiнде бейбiтшiлiк пен тыныштықты орнату үшiн жiберiлген соңғы дiн. Ал дін мемлекетте, қоғамда тыныштық, әділдік болуын көздейді. Адамды соған тәрбиелейді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да осындай ұлы мұраттарға ұмтылып, жұртты ізгілікке үндеп қана қоймай, бірлік пен берекенің нығметін ұдайы ұлықтап келеді. Өйткені, бүкіл адамзатқа түсірілген қасиетті Құранда Алла тағала: «Бөлінбеңдер», – деп бұйырған.
Ардақты пайғамбарымыз (с.ғ.с) өсиетінде басшыға бағынып, бүлік шығармауға шақырған. Діни ымыраға келуді бұйырған. Сонымен қатар Алланың алдында сүйкімді адамдар, олар – елді бірлікке шақырғандар, алауыздыққа жол бермегендер.
Ислам – бейбітшілік діні. Жалпы «Ислам» деген сөздің өзі «бейбітшілік» деген мағынаны білдіретінін баршамыз жақсы білеміз. Демек, мұсылманшылықтың мұраты – бірлікке үндеу», екенін жадымызда сақтауымыз керек»,- деп тақырып аясында сүбелі сұхбат берді.
Ақтөбе облыстық орталық
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі