Облыстың Бас имамы «Малика» оңалту орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды Құрбан айтпен құттықтады 2811

Облыстың Бас имамы «Малика» оңалту орталығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларды Құрбан айтпен құттықтады

11 маусым 2024 2758 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған стационар жағдайындағы «Малика» оңалту орталығына барып, мүмкіндігі шектеулі балалар мен ата-аналарды Құрбан айтпен құттықтады.

Аталған шара барысында облыстың Бас имамы: «Құрбан айт – Жаратқанға жақындау мен қайырымдылықтың мерекесі. Сіздерді ұлық мереке – Құрбан айтпен құттықтаймын.

Асыл дініміз Ислам мұсылмандардың өзара туыс екендіктерін айтып, олардың арасына белгілі бір ақы бекітті. Мұсылмандар өзара қарым-қатынаста осы ақыға мән беру арқылы олардың арасындағы бауырмалдық пен бірлік одан әрі артып, сүйіспеншіліктері де нығайы түседі. Қандай да бір мұсылман науқастанып қалса, өзге мұсылмандар оған барып, қал-жағдайын сұрау керек. Ауырып жатқан адамның қал-жағдайын сұрау оның көңілінің көтеріліп, дертінің жеңілдеуіне, сырқатын ұмытуына себепші болады. Өзін уайымдап, ойлап жүретін адамдардың бар екеніне көзі жетіп, қуаттана түседі", -дей келе ауырып жатқан жандарға шипа тіледі.

Сонымен қатар Серікжан Еншібайұлы кездесу барысында 15 баланың ата-анасына құрбан етін үлестірді.

Шара қортындысында мекеме басшысы имамдарға алғысын білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі