Облыстың Бас имамы қайырымдылық шарасына қатысты 2498

Облыстың Бас имамы қайырымдылық шарасына қатысты

17 ақпан 2023 126 Оқу 1 минут

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында діни тұрақтылықты сақтау мақсатында ҚМДБ Ақтөбе облысы өкілдігінің «Көшпелі уағыз-насихат» жобасы аясында Хромтау аудандық «Нұр» мешітінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық акциясына облыстың Бас имамы Серікжан Еншібайұлы мен облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы, ҚМДБ "Зекет және қайырымдылық" қорының Ақтөбе облысы бойынша жауапты өкілі Алмат Али арнайы қатысты.

«Қайырымдылық – ізгі қасиет» атауымен өткен шарада «Біз «қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» деген аталы сөзді өмірлік ұстанымға айналдырған халықпыз. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы күнделікті жұмысында қайырымдылыққа басымдық береді. Біз қашан да өз мүмкіндіктеріміз аясында азаматтарымызға көмек беруге дайынбыз. Алла баршамызға жар болсын» деді облыстың Бас имамы.

Қасиетті Ережеп айындағы игі істің ізін жалғаған акция аясында Серікжан Еншібайұлы көпбалалы және аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі 20 хромтаулық отбасыға азық-түлік қоржындарын табыстады.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі