Ойыл: Облыстың Бас имамы аудандық орталық кітапханаға барды
Ақтөбе облысының Бас имамы Амантай Садиев арнайы жұмыс сапарымен Ойыл ауданына барғанда Ойыл аудандық орталық кітапханасына барды.
Кездесу барысында облыстың Бас имамы аудандық кітапхананың тыныс-тіршілігімен танысты.
Сонымен қатар Амантай Әбілдәұлы: «Кітап – біздің сан ғасырлық тарихымыздың құнды жәдігері. Ал кітапхана халықтың ең сүйікті, қасиетті, қастерлі үйі. Заман озып, технология дәуірі қанша қарыштап дамыса да кітап пен кітапхананың орны қашан да ерек», -дей келе, кітапхана — мәдени-ағартушылық ғимарат екендігін айтып, кітапхана қызметкерлерінің жұмыстарына сәттілік тілеп, мүфтият баспасынан шыққан кітаптарды сыйға тарту етті.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі