Наиб имам түсіндіру жұмыстарын жүргізді
Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман КА-168/2 мекемесінің қызметкерлеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында наиб имам қызмет этикасына тоқталды. Сонымен исламдағы парақорлықтың үкіміне тоқталды. Одан өзге адамдармен қарым-қатынас орнатудағы мәліміле мен ахлақ мәселеріне байланысты айтып өтті.
Наиб имам кездесу соңында қызметкерлердің тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі