Ойыл бас имамы жамағаттың сұрақтарын жауап берді
Ойыл ауданының бас имамы Ойыл аудандық тарихи мешітінде жергілікті жамағатты сұрақтарына жауап беріп, пәтуа сағатын өткізді. Құмар ойындар, нашақорлық пен ішімдікке қатысты Исламның ұстанымы.Ислам діні адам санасын улайтын,ақыл - ойдан,аздыратын нәрселерге тыйым салады.Мұсылман денсаулығын,ақыл-ойын, болашақ ұрпағын қорғауды міндетейттейді.Ислам діні бар болмысымен нашақорлыққа адамзат өркениетіне қауіпті зұлымдық деп есептеп, жүйелі түрде қарсы шығады.Құранда: «Әй, мүміндер! Хамр мас қылатын заттар, құмар ойындар,тігілген тастар және бал ашатын оқтар лас шайтанның істерінен. Олардан сақтаныңдар,құтыласыңдар» делінген.