Ақтөбе: Жат ағымнан оңалту – ортақ міндет 1083

Ақтөбе: Жат ағымнан оңалту – ортақ міндет

10 қараша 2021 157 Оқу 1 минут

 Бүгін Ақтөбе қалалық орталық мешітінің ұйымдастыруымен «Жат ағымның алдын алу және оңалту» тақырыбында жиын өтті. 

Оған Ақтөбе облыстық дін істері басқармасының басшысы Әлімбек Жәнібекұлы, Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан Еншібайұлы, Ақтөбе қалалық орталық мешітінің Бас имамы Нұрлыбек Шакизадаұлы және қала имамдары қатысты.

Жиналыс барысында облыстың Бас имамы: «Жат ағымнан оңалту – ортақ міндетіміз»,- деп атап өтті.

Басқосуда жат ағымның алдын алу үшін жасалып жатқан іс-шаралардың маңызын арттыру, оңалту мәселелері бойынша жұмыстардың нәтижесіне көңіл бөлу мәселесі қаралды.

Сонымен қатар мешіттер мен діни орталықтарда жүргізілетін шаралардың жоспарлары да назарға алынды. Алдағы уақытта спорттық жарыстар, білім сайысы, дастархан уағыздары жасалып, жат ағым ұстанушы адамдарды дәстүрлі бағытқа тарту жұмыстары негізінде жүйелі түрде діни оңалту бойынша жұмыстар жасалу керек деп шешілді.

Еске салсақ, ҚМДБ Ақтөбе өкілдігінде жат ағыммен күрес және оңалту мәселелері бойынша түзету орындары мен мекемелерде, түрлі сала мамандарымен тұрақты түрде кездесулер мен іс-шаралар өткізіліп келеді.

Одан өзге алдағы уақытта қала имамдары кезек-кезекпен ауыса отырып, мешіттерде уағыз-насихат дәрістерін жүргізетін болады.

Жиналыс қортындысында жыл бойы жасалған имамдардың жұмыс есебі тыңдалды.

Ақтөбе облыстық  орталық  

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі