Наиб имам әскери қызметкерлерді жат ағым жетегіне ілесіп кетуден сақтандырды 2087

Наиб имам әскери қызметкерлерді жат ағым жетегіне ілесіп кетуден сақтандырды

12 қыркүйек 2022 97 Оқу 1 минут

Бүгін Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман Ақтөбе облысының мамандандарылған күзет қызмет басқармасындағы МКҚБ-ның жеке құрамасымен кездесті. 

Аталған кездесу барысында наиб имам «Өз-өзіне қол жұмсаудың және басқа діни ағымдарға кетіп қалудың алдын-алу шаралары, зияндары» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар бір сағат аясында өткен кездесуде 60-ға жуық әскери қызметкерлердің арасында өздерін мазалаған суицид, жат ағым аясындағы сауалдарын қойып, наиб имамнан тұщымды жауап алды.

Одан өзге наиб имам әскери қызметкерлерді жат ағым жетегіне ілесіп кетуден сақтандырды. Әсіресе, әлеуметтік желілерде уағыз-насихат тыңдар кезде сақ болуға шақырып, тек қана Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты мешіт-медреселер мен арнаулы оқу орындарының қызметкерлерінің уағыздары мен дәрістерін тыңдауға кеңес берді.
Шара қортындысында кездесу жалғасын тапса деген игі ниеттерін білдірді.


Ақтөбе облыстық орталық 

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі