Наиб имам Шалқарға іс-сапармен барды 952

Наиб имам Шалқарға іс-сапармен барды

13 қазан 2021 110 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мұхаммедисмаил Шадман 2 күн Шалқар ауданындағы іс-сапар барысында діни ахуалдың жай-күйімен танысып, өңірдегі дін мамандарымен жат ағыммен күресу жолдарын талдады. 

Сонымен қатар іс-сапар барысында жеке және жалпы кездесу өткізіп, теріс ағымның алдын алуға қатысты бірқатар нұсқаулықтар берді.

Одан өзге наим имам "Жанаман ахун Сейітімұлы" мешітінда жұма намазын жүргізді.
Ал кешке ақшам намазына жиналған жамағатқа «Ауызбіршілік» пен «Құран және сүннетті дұрыс түсіну» тақырыбында уағыз-насихат айтты.



Ақтөбе облыстық орталық

«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі