Ғибрат: Еңбегінен ел таныр
ҚМДБ Ақтөбе облысы бойынша өкілдігінде "Еңбегінен ел таныр" тақырыбында "Ғибрат" жобасының бесінші сұхбаты өтті.
Бағдарламаның кезекті қонағы: PhD докторант, Нұр-Мүбарак оқу-әдістемелік мешітінің наиб имамы Руслан Қамбар болды.
Ал эфирді тізгіндеген Ақтөбе облысының Бас имамы Серікжан қажы Еншібайұлы.
Сұхбат барысында Руслан Қамбардың жуырда баспадан жарық көретін «Бала тәрбиесіндегі 25 қателік», «Үйленбей тұрып үйрен», «Әке мектебі» кітаптары туралы айтылып, жаңа еңбектің қоғам үшін маңыздылығына тоқталды.
Одан өзге онлайн сұхбатта еңбек ету мен адал табыс табудың исламдағы орны мен ислам шариғаты бойынша еңбек этикасыда қарастырылды.
Еске салсақ, әр аптаның жұма күні Ақтөбе облысының өкілдігінде инстаграмдағы @nur_gasyr парақшасында «Ғибрат» жобасы аясында онлайн сұхбат өтеді.
Ақтөбе облыстық орталық
«Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі