Наиб имам «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету жұмысын таныстырды 3001

Наиб имам «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету жұмысын таныстырды

15 қазан 2023 160 Оқу 1 минут

Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Мажит Абишев Мұғалжар ауданына арнайы іс-сапармен барып, Ембі қалалық әкімшілік ғимаратында Ембі қаласының қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесіп, «Қамқор-Шарапат» салттық қызмет көрсету жұмысын таныстырды.

Кездесуге облыстан арнайы келген наиб имам «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты бойынша қоғамдық кеңес мүшелеріне шариғат және дәстүрімізді сақтай отырып, ысырыпшылдыққа жол бермей, мейітті қалай жерлеу керек екендідігін толық түсіндіріп өтті.

«ҚМДБ жанынан халыққа діни-салттық қызмет көрсететін «Қамқор-шарапат» салттық қызмет көрсету орталығы ашылған болатын. Мақсаты – елімізде зират көтеру, жерлеу, қабірді зиярат ету сынды діни рәсімдерді бір жүйеге келтіру, бұл мәселе бойынша халық арасында түсінбеушілік жағдайды болдырмау. Осы ретте дініміз бен дәстүріміздің барша жанашырларын осынау игі ісіміз бен ізгі бастамамызға қолдау білдіріп, үлес қосуға үндеймін.

Бірлігімізді білдіріп, татулығымызды танытайық, ағайын!» деді облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы.

Ақтөбе облыстық орталық

 «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі